Елімізде жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Oil Construction Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері игі іске белсене атсалысты. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл бастама аясында ұжым мүшелері бас кеңсе аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.
Экологиялық сана мен мәдениетті арттыруды мақсат еткен бұл шарада компания қызметкерлері бір кісідей жұмылып, аумақты қоқыстан тазартып, қалдықтарды сұрыптап жинады. Ағаштардың түбін тазалап, айналаны абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара барысында қауіпсіздік техникасы мен тазалық сақтау ережелері қатаң сақталды.
«Oil Construction Company» ЖШС басшылығы бұл шараны ұжымдағы экологиялық мәдениетті қалыптастырумен қатар, табиғатты аялаудың маңыздылығын ұғындырудың бір жолы деп бағалап отыр. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Қоршаған орта – баршамыздың ортақ үйіміз. Оны таза ұстау – әр азаматтың борышы. Біздің компания бұл бағытта тек өндірістік емес, әлеуметтік жауапкершілікті де басты назарда ұстайды. Бүгінгі шара – соның айғағы
– деді компания қызметкері Қ.Өтегенов.



