HomeЖаңалықтарЖаңалықтарЖаңаөзен қаласында «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Жаңаөзен қаласында «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС-ның суды магистральдық құбырлар арқылы беру (ауыз суы және теңіз суы) бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2026 – 2030 жылдарға арналған тарифі мен тарифтік сметаларының жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жария тыңдау 2025 жылғы 31 қазан сағат 11.00-де Жаңаөзен қаласы, өндірістік аймақ, «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС-ның ғимараты, актовый залында өтеді.

Сонымен бірге, жария тыңдау параллельді түрде онлайн режимде Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасында көрсетілетін болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100051930454400). 

Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Департаменттің байланыс телефондары: 8(7292) 42-16-20, 43-84-11.

Түпнұсқа